«Оңтүстік Қазақстан облыстық, Ауған соғысы ардагерлерінің одағы»

«Оңтүстік Қазақстан облыстық, Ауған соғысы ардагерлерінің  одағы»
ОҚО ОБЛ
Город: Шымкент
Был на сайте: 01.12.2014
Объявлений продавца: 14

Размещено: 01.12.2014

Слово автору:

«Оңтүстік Қазақстан облыстық, Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мектептеріндегі жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша кездесулер өткізуде.

Сондықтан, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүріп отырған ұлтаралық конфессияаралық ауызбіршілікті сақтаудағы қыруар жұмыстарының басты мәні – діннің оңды әуелетін ұтымды пайдалана отырып, оны ел дамуының рухани тетігіне айналдыруға тұғырлануы жайдан-жай емес. Осының шынайы көрінісі іспетті, елімізде бүгінгі күнде адамдар мен азаматтардың діни сенімдерді ұстануына қолайлы ахуал қалыптасып отыр. Бұл мемлекеттің осы салада жүргізіп отырған бірізді және байсалды саясатының нәтижесі. Бірақ осымен болдым-толдым деуге болмайды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңдегі құндылықтар жүйесіне көптеген өзгерістер еніп жатқаны белгілі.Бұл жерде дәстүрлік пен жаңашылдық арасындағы қақтығыстар да бар. Ескі мен жаңаның күресі кез келген мәдениеттің құрылымындағы өтетін процесс. Тек бұл ахуалдың негізгі өлшемі – руханилықты, ақиқаттықты айқындаумен ғана өзінің оңды нәтижесін береді деген ойдамыз. Бұл қоғамдағы азаматтардың рухани дамуға бет бұрыуымен астасып жататын дүние. Оның қайнар көзі, бастамасы әрине отбасы. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақ халқында білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, рухын асқақ ету, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі.Қазақ халқында ерекше құрметтелетін отансүйгіштік, ар-ұят, намыс, әділдік, адамгершілік пен имандылық сияқты түсініктер отбасында бала санасына беріледі.

Больше фотографий (2):